Ресейдің 720 азаматына заңсыз жолмен ЖСН берілген
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Ресейдің 720 азаматына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі "Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.







