Ресейдің 720 азаматына заңсыз жолмен ЖСН берілген

1 480

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov4c.kzСолтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Ресейдің 720 азаматына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет"  Мемлекеттік корпорациясы" ҚАҚ-ң филиалы (бұдан әрі-Филиал) Заң талаптарына қайшы, шетелдіктерге олардың Қазақстан Республикасының аумағында болмай жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу туралы 720 өтініштерін рәсімдеген", - делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі "Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.