Түйе жолға шығып кетіп, ірі жол апатынан 4 адам қаза тапты
Маңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу республикалық тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе бағытына қарай келе жатқан Toyota Camry жол үстіндегі түйені қағып кеткен. Соққыдан кейін көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, екінші Toyota Camry-мен соқтығысқан.
Апат салдарынан төрт адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы төрт адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ жолға шыққан түйенің иесі іздестіріліп жатыр.
Қаз
Рус






