Түйе жолға шығып кетіп, ірі жол апатынан 4 адам қаза тапты

1 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Куәгерлер түсірген суретМаңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу республикалық тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жол апаты 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе бағытына қарай келе жатқан Toyota Camry жол үстіндегі түйені қағып кеткен. Соққыдан кейін көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, екінші Toyota Camry-мен соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы төрт адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ жолға шыққан түйенің иесі іздестіріліп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.