Қызылорда облысында 9 «мұғалім» жалған дипломмен жұмыс жасаған

1 693

gov.kzҚызылорда облысында мектептер мен балабақшаларда жалған дипломмен жұмыс жасау деректері анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл келеңсіздіктер прокуратураның тексеруі барысында анықталды. Тексеру барысында Байқоңырдағы 2 мектепте — 3, Қазалыда 3 мектепте — 4, Қармақшыда 1 мектепте — 2 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болды. 


«Сондай-ақ Сырдария ауданының балабақшаларында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау дерегі тіркелді. Материалдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына жіберілді. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы мектептерде 50-ден астам мұғалім заңсыз конкурссыз қабылданған. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы құзыреттілігі жоқ болса да мамандарды тікелей мектепке мұғалім ретінде тағайындаған», — деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.


Ведоомство мәліметінше, тексеру нәтижесімен 56 қадағалау акті енгізіліп, 1100 (353 тәртіптік, 747 әкімшілік) адам түрлі жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қызметінен босатылған.