Із-түзсіз "жоғалып" кеткен Қызылорда аруы Тараздан табылды

552

Фото: Гүлнұр НұртазаҚазнетте "Қызылорда аруы - 2017" атанған Гүлнұр Нұртазаның жоғалып кеткені туралы хабарлама тарады. Белгілі болғандай, бойжеткен аман-есен Тараз қаласынан табылып отыр.

Түрлі Instagram-пабликтердің ақпараты бойынша, бойжеткенді соңғы рет Алматыдағы барахолка базарында, енді бірі Dostyk Plaza сауда және ойын-сауық орталығында көрген. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бойжеткен із-түзсіз кетіп, оған жақындары іздеу салғанын растады. 27 сәуір күні кешке оның досы тиісті арызбен полицияға жүгінген. 

"Белгілі болғандай, бойжеткен бір күн бұрын ешкімге ескертусіз Тараз қаласына кетіп қалған. Ол байланысқа шықты. Аман-есен", - деді полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.