Қазақтың ұлттық сусыны Нью-Йоркте үздік атанды

1 518

Фото:©safqymyzJAS.BRANDS агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін жеңіп алды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындардың тұжырымдамалық дизайны аталымында үздік деп танылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 1500-ден астам жұмысты басып озған.

SAF Qymyz – дәстүрлі қымызды заманауи үлгіде жаңаша ұсынған жоба. Қазақтың кесесінен шабыт алған авторлар алюминий құтысының дизайнын минималистік үлгіде әзірлеген. Ал «SAF» атауы қазақ тіліндегі «саф», «таза» деген мағынаны білдіреді.

«DIELINE Awards әлемдегі қаптама дизайны бойынша ең беделді марапаттардың бірі саналады. SAF Qymyz жобасының жеңісі отандық креативті индустрияның әлеуетін көрсетіп, Алматыдан шыққан жобалардың халықаралық деңгейде мойындалып жатқанын дәлелдей түсті», делінген хабарламада.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар Алматы қаласының ұлттық мәдениетті дизайн, гастрономия және шығармашылық индустрия арқылы жаңғырта алатын заманауи креативті орталық ретіндегі беделін арттыра түседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.