Ақтөбеде менеджер банк шотынан 777 млн теңге ұрлаған

216

Фото Турар КазангаповАқтөбеде банк менеджері акционерлік қоғамның шотынан 777 млн теңге ұрлаған. Аталған іс бойынша Ақтөбенің №2 сотында қаралған іс аяқталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Банк менеджері алаяқтақ жасағаны үшін айыпталды. Сот кезінде сотталушы кінәсін жартылай мойындады, бірақ шығын көлемімен келіспеді. 

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптама нәтижесімен және қылмыстық істің өзге материалдарымен дәлелденді. 

Прокурор менеджерді 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып, 10 жыл бойы банк саласында қызмет атқаруға тыйым салуды сұрады. Сотталушының кішкентай баласы бар екені ескеріліп, сот оның жазасын жеңілдетті. Менеджер Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жыл бойы банк саласында қандай да бір қызмет атқару құқығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.