ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

626

Фото: Абзал КалиевБиыл облыста кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру жүргізілуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Биыл облыста кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру жүргізілуде. Осыған орай, Ұлттық жоба шеңберінде  жеңілдікпен несие беру үшін - 5,2 млрд теңге, ал кәсіпкерлік бастамалар үшін мемлекеттік грантқа - 4,8 млрд теңге қаржы қарастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ринат Сұлтангереев хабарлады.

"Жалпы мемлекеттік грант екі бағытта беріледі. Оның бірінші - облыстық жұмыспен қамту орталығы арқылы 400 айлық есептік көрсеткішке дейін берілетін  болса, екіншісі - 5 млн теңгеге дейін шағын кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларына берілетін грант. Биыл жаңа кәсіп бастағысы келетін азаматтарға - 120 млн теңге қаржы қарастырылды. Оның ішінде кәсіпкерлік қызметіне 3 жыл толмаған 29 жасқа дейінгі азаматтардың жаңашыл бизнес-идеяларына 70 млн теңге бөлінетін болады. Ал жалпы бөлінген қаржының 20 пайызы халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға беріледі", - деді басқарма басшысының м.а Ринат Сұлтангереев.
Брифинг барысында аталған гранттың беру шарттары мен негізгі басымдық берілетін салалар тізбесі айтылды. 
"Қайтарымсыз грант берудің тізбесіне сәйкес бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды сатып алуға  байланысты  шығыстарға пайдалынылады. Сондай-ақ, грант қаражатын пайдалануға болмайтын жағдайлары да бар. Мәселен, жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға, жалдау ақысын төлеуге, жеңіл автокөлікті сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға тыйым салынған", деді Ринат Қалдыбекұлы.