Адамдар мінген аттракцион биікте тұрып қалды

1 621

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Фото: Видеодан скриншотАлматыдағы демалыс саябағының бірінде адамдар отырған "Ромашка" аттракционы айналмай, биікте тұрып қалды. Саябақ әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Желіде оқиға кезінде түсірілген видео жарияланды. Бейнежазба сипаттамада аттракционға мінген адамдар бірнеше минут бойы көкте тұрып қалғаны айтылған.

"Қиял әлемі" саябағының әкімшілігі жексенбі, 13 сәуірде сағат 15:08-де аттракцион қауіпсіздік датчигінің іске қосылуына байланысты тоқтағанын хабарлады. Сағат 15:16-да, яғни, 8 минуттан кейін аттракционға мінгендер төмен түсірілген.

"Аттракционда болғандардың ешқайсысы шағым түсірген жоқ. Жағдай қалыпты және толығымен саябақ инженерлерінің бақылауында болды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл аттракцион тексеріліп, қауіпсіздік датчиктері ауыстырылды, содан кейін сағат 15:30-да "Ромашка" аттракционы қайта істеді. Қазір саябақ қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады саябақ өкілдері.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.