Арон Атабек бостандыққа шықты

538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

15 жыл түрмеде отырған белсенді Арон Атабек бостандыққа шығады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлер Арон Атабектің емі жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағаны анықталды.


"Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар", — делінген сот хабарламасында.

Ал Қылмыстық кодекстің 75 бабы, 2 бөлігі бойынша жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқас
 жазаны өтеуден босатылады немесе қылмыстың ауырлығына қарай жаза неғұрлым жеңiл түрiне ауыстырылады.

Ол 2006 жылғы Алматыдағы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген. 

 

 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.