Қаржы министрлігінің қызметкерлері 3-4 жалақы көлемінде сыйақы алуы мүмкін

1 895

Фото: ашық дерек көзіМәжіліс кулуарында қаржы министрінен журналистер ведомство қызметкерлері жыл соңында қандай сыйақы алатынын сұрады, - деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

"Сыйақыға бюджеттен қаражат көзделмеген. Бұл жалпы жалақы, іссапар шығындары және басқа да ағымдағы шығындардың қалдығы. Барлық сатып алу шарасынан кейін және жалақы төленгеннен кейін әрбір мемлекеттік органда қандай да бір үнемделген қаражат қалады", - деді министр. 


Сондай-ақ ол сыйақы берудің ережесін айтып өтті. 

"Заңда мынадай жағдай қарастырылған, егер үнемделген қаражат қалып қойса, бұл үнемделген қаражатты сыйақы түрінде бере алады. Бұл қызметкерлер арасында жай ғана үлестіріле салмайды, сыйақы мөлшерін анықтау және беру ережелері бар. Ерекше атқарылған жұмыстар, күрделі жұмыстар, жұмыс уақытынан тыс атқарылған еңбегі үшін беріледі. Сондықтан, мұның бәрі заң бойынша болады, оны әрбір мемлекеттік орган өзі үлестіреді. Менің ойымша, мұнда кейінгі жеткен нәтижелерінің қорытындысы бойынша үш-төрт еңбекақы көлемінде сыйақы төленуі мүмкін", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 



Айта кетейік, жылдық сыйақы дегеніміз - қол жеткізілген табыстарды материалдық ынталандыру және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне байланысты ұйымның басшысы қызметкерлеріне жылына бір рет төленетін жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша ақшалай сыйлықақы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.