Дәрігерлер 650 грамм шала туған сәбидің көзіне ота жасады
Шымкентте салмағы 650 грамм шала туған шақалақтың көзіне ота жасалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкенттік дәрігерлер бірнеше ай бойы шала туған сәбидің өмірі үшін күресті. Баланың көзінде қауіпті ауру бары анықталған соң, оған микрохирургиялық операция жасалған.
Қыз бала 30-шы қараша күні жүктіліктің 25 аптасында дүниеге келген. Туған кездегі салмағы небәрі 650 грамм болған. Сәби бірден жансақтау бөліміне ауыстырылып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, емді жалғастырған.Тексеру барысында сәбиге шала туған балаларда жиі кездесетін ауру шала туған нәрестелер ретинопатиясы диагнозы қойылған. Бұл дерт дер кезінде емделмесе, бала көру қабілетінен мүлдем айырылуы мүмкін.
Тағы да оқыңыздар







