Дәрігерлер 650 грамм шала туған сәбидің көзіне ота жасады

1 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скрин

Шымкентте салмағы 650 грамм шала туған шақалақтың көзіне ота жасалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттік дәрігерлер бірнеше ай бойы шала туған сәбидің өмірі үшін күресті. Баланың көзінде қауіпті ауру бары анықталған соң, оған микрохирургиялық операция жасалған.

Фото:© Видеодан скринҚыз бала 30-шы қараша күні жүктіліктің 25 аптасында дүниеге келген. Туған кездегі салмағы небәрі 650 грамм болған. Сәби бірден жансақтау бөліміне ауыстырылып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, емді жалғастырған.Тексеру барысында сәбиге шала туған балаларда жиі кездесетін ауру шала туған нәрестелер ретинопатиясы диагнозы қойылған. Бұл дерт дер кезінде емделмесе, бала көру қабілетінен мүлдем айырылуы мүмкін.

“Дәрігерлердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде балаға №2 Шымкент қалалық ауруханасында кешенді офтальмологиялық операция жасалды. Операцияның ерекшелігі – салмағы тым аз нәрестеге жоғары дәлдікті талап ететін микрохирургиялық ота жасалды және оған ерекше күтім қажет”, – деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қыздың дүниеге келгеніне 102 күн болды, салмағы 2400 граммға жеткен. Дәрігерлер бала салмақ жинап, дамып жатқанын айтқан. Қыз Айша деген есім беріліп, анасымен бірге үйге шығарылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.