"Кездесеміз" деген қыздарға сенген 45 ер адам ақшасынан айырылды

1 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Freepik.comАстанада романтикалық кездесу сылтауымен алаяқтық жасаған қыздардың қылмыстық схемасы әшкереленген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, бір топ қыздар танысу сайттары арқылы ер адамдармен танысып, кейін қарым-қатынасты жалғастыру үшін жалға алынған пәтерде кездесуді ұсынған. Олар Астана қаласында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырып, тартымды интерьердің фотосуреттерін жариялаған. Осылайша жәбірленушілерге бірге уақыт өткізу үшін пәтерді бір тәулікке жалға алуды ұсынған.

Нәтижесінде 45-тен астам азамат жалған пәтерді жалға алу үшін жалпы сомасы шамамен 620 мың теңге көлемінде ақша аударған.

Алайда қаражатты алғаннан кейін алаяқтар жәбірленушілермен байланысын үзіп, олардың телефон нөмірлерін бұғаттап отырған.

Сот үкімімен айыпталушылардың кінәсін мойындауы және келтірілген материалдық залалды өтеуі ескеріліп, үш қызға 3 жылдан 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ оларға пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы қолданылған.

Үкім заңды күшіне енген.

Қала прокуратурасы азаматтарды интернет арқылы келісім жасасқанда сақ болуға шақырып, ақпаратты алдын ала тексермей ақша аудармауға кеңес берді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.