Түрме қызметкері сотталушыны зорлаған

406

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бас бостандығынан айырылған әйелді зорлаған түрме қызметкерін 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Сот материалдарына сәйкес аталмыш оқиға 2021 жылдың 10 маусымында орын алған. 

"Алматы облысы Іле аудандық сотымен ЛА-155/4 мекемесі басшысының кезекші көмекшісі Б. есімді азаматқа үкім шығарылды. Айыпталушыға қызметтік жағдайын пайдаланып сотталушыны зорлады және қасақана психологиялық азап келтірді (Қылмыстық кодекстің 146-бабы 1-бөлігі) деген айып тағылған", – делінген хабарламада.
 
Дегенмен айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Зорлаған ер адам отбасылы және де  6 баласы бар. 


"Б.-ның кінәсі зардап шегушінің жауабы, дәлелдер мен тергеу, сонымен қатар сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптама негізінде дәлелденді", – деп қосты сот өкілдері. 


Нәтижесінде мекеме қызметкерін  10 жылға бас бостандығынан айыруға сот үкімі шықты.  Сондай-ақ барлық шенінен айырылып, белгілі қызметтерді 3 жыл мерзімде  атқара алмайды. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.