Түрме қызметкері сотталушыны зорлаған
388
Бас бостандығынан айырылған әйелді зорлаған түрме қызметкерін 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сот материалдарына сәйкес аталмыш оқиға 2021 жылдың 10 маусымында орын алған.
"Алматы облысы Іле аудандық сотымен ЛА-155/4 мекемесі басшысының кезекші көмекшісі Б. есімді азаматқа үкім шығарылды. Айыпталушыға қызметтік жағдайын пайдаланып сотталушыны зорлады және қасақана психологиялық азап келтірді (Қылмыстық кодекстің 146-бабы 1-бөлігі) деген айып тағылған", – делінген хабарламада.
Дегенмен айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Зорлаған ер адам отбасылы және де 6 баласы бар.
"Б.-ның кінәсі зардап шегушінің жауабы, дәлелдер мен тергеу, сонымен қатар сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптама негізінде дәлелденді", – деп қосты сот өкілдері.
Нәтижесінде мекеме қызметкерін 10 жылға бас бостандығынан айыруға сот үкімі шықты. Сондай-ақ барлық шенінен айырылып, белгілі қызметтерді 3 жыл мерзімде атқара алмайды.