Шымкентте көпбалалы ана суицид жасамақ болған

213
Полицейлер өз-өзіне қол салмақ болмақ ананы құтқарды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сол күні 109 нөміріне тоғызыншы қабат шатырында бір әйел тұрғаны туралы хабарлама түскен. Ол үйден шығып кеткелі бері іздеуде жүрген жергілікті тұрғын екені анықталған. Жоғалғанына бірнеше күн болған.

Тәртіп сақшылары әйелді ұстап алып, шатырдың шетінен қауіпсіз аумаққа алып шыққан. Өз өмірін қиюға бел буған ол есінен танып, кейін айқайлап, полицияға қарсылық көрсетеді.

Бұл шарасыз қадамға себеп болған жайт әйелдің күйеуімен жанжалдасып қалғаны екен. Үй отағасы бұған қатысты полиция бөлімшесіне түсініктеме берген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.