Қырғыз депутаттары балаларының тілі қазақша шығып жатқанына алаңдаулы
426
Қырғыз депутаттары "балаларымыз қазақша сөйлеп жатыр" деп мәселе көтерді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұған елде көрсетілетін "Балапан" арнасы тікелей әсер етіп отырса керек.
Жогарку Кенеште мәселе көтерген депутаттар қырғыз балаларының ана тілінде сөйлемеуін сынға алды. "Балапан" арнасында көрсетілетін көрші елде балалардың қазақша сөйлеуі де мәселеге айналған.
"Менің қыздарым "Балапан" арнасын көреді. Бұл арна 24 сағат бойы қазақ тіліндегі мультфильмдерді береді екен. Қазір ағылшын, орыс тілдерінде мультфильмдерді балалар интернеттен тауып алады. Біздің балалардың жартысынан көбі басқа тілдегі өнімдерді көріп жүр. Осыны толығымен қырғыз тіліне аудару керек. Бұл оңай нәрсе емес. Мемлекеттік тілді зорлықпен үйрете алмайсың. Тек тәлім-тәрбие, мемлекеттік идеологиямен ғана үйретеміз. Ол үшін контентке ақша керек. Үкімет ақша бөліп, тиісті тарапты тартып қырғыз тіліндегі өнімдерді көбейтсе деймін", — деді депутат Нұржігіт Қабылбеков.