Aвтобус апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды

1 510

Фото: ТЖД16- шы қаңтар күні шамамен сағат 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, автобус 2025 жылдың 19- шы желтоқсанында техникалық байқаудан өткен және «CASPIAN TRANS CORPORATION» LLC компаниясында тіркелген. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

 Автобуста барлығы 50 адам болған. Аталған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетонды, жолдың ені 9 метрді құрайды, жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған. Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында орын алған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған, — делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.