Ерлі-зайыпты заңгерді шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Алматыда ерлі-зайыпты көлік қоятын тұрақ іздеп жүріп, жанжалға тап болғанын айтты. Олар көршісінің қай үйде тұратынын сұраған, алайда ер адам оларға шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсеткен. Кейін ер адамның заңгер екенін білген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, оқиға 10 қыркүйекте үйінің ауласында болған. Ол күйеуімен бірге көлік қоятын орын іздеп жүрген. Осы кезде көлігінің жанында тұрған ер адамнан көлік қоятын орынды босата ма, жоқ па деп сұраған. Ал ер адам оларға дөрекі жауап берген. Кейін ерлі-зайыпты көршісінен қай үйде тұратынын сұраған. Әйел ер адамнан неге дөрекі сөйлесіп тұрғанын сұрағанда, ол "бері кел, сөйлесеміз" деп агрессия танытқан. Әйел осы сәттен бастап оқиғаны телефонға түсіре бастаған.
“Маған сендердің қайда тұрып жатқандарың маңызды емес. Сен, әйел, аузыңды жап. Мен сенімен кейін сөйлесемін” деді ол. Видео оның темекі тұқылын тастап жатқан жерінен басталады. Кейін ол көлігінен куәлігін алып шығып, камераға көрсетіп “менің кім екенімді білесің бе, сендер маған не істей аласыңдар” деп мені итеріп жіберді. Сол сәтте ол күйеуімді ұрды. Екі рет ұрды. Кейін күйеуім осы жерден тарайық деді”, – деп баяндады желі қолданушысы.
Алайда біраз уақыттан соң автор ер адамның күйеуінен видеоны өшіруін талап етіп, қорқытқанын білген. Оның сөзінше, ер адам ерлі-зайыптының қай пәтерде тұратынын білетінін, оған және әйеліне басқа біреулер арқылы күш қолдануы мүмкін екенін айтып, қорқытқан. Сондай-ақ күйеуінен өзіне ешқандай шағымы жоқ екені туралы видео түсіруді талап еткен. Әйел жаттығуға кеткенде күйеуі талап еткен видеоны жазып берген.
Автор ер адамның кейін оларды ашық сөйлесуге шақырып,өз әрекетін ақтауға тырысқанын айтты. Ол күйеуін қол көтермегенін, тек шапалақпен ұрғанын айтқан. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың өзімен сөйлесуге және сұрақ қоюға құқығы болмағанын мәлімдеген. Ол учаскелік полиция инспекторын шақырып, оқиғаға қатысты өз нұсқасын жеткізетінін айтқан.
Ерлі-зайыпты болған жағдайға байланысты полицияға арыз жазған. Әйелдің айтуынша, ер адам өзін заң саласында жұмыс істейтін маман ретінде таныстырып, тиісті куәлігін көрсеткен.
“Ол өз өкілеттігін көрсетті. Бірақ мен бұл жағдайдың осылайша елеусіз қалғанын қаламаймын. Өзім тұратын аулада бізге қай үйде тұратынын және көлігін тұрақтан алып шығатынын сұрағанымыз үшін кез келген адам мені және күйеуімді ұрып, кейін бізді бір жерде соққыға жығып кететінін айтып қорқыта алмайды. Егер кейін бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”, – деп түйіндеді автор видеоны.
Болған жағдайға қатысты Алматы қаласының полициясы пікір білдірді. Ведомство жанжалға қатысушылардың барлығын анықтағанын мәлімдеді.
“Осы факті бойынша ұсақ бұзақылық белгілері бойынша әкімшілік іс жүргізу аясында тексеру жүргізіліп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген полиция жауабында.
Сондай-ақ басқарма кейін іс материалдары құқықтық баға беру үшін сотқа жолданатынын жеткізді.
Қаз
Рус






