Қостанайда жаңа туған нәрестенің мәйіті сөмкеден табылды

269
Қостанайда «Бүркіт» базарында ер адам жаңа туған сәбидің денесі салынған сөмке тауып алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сәуірдің 19-ы күні сағат 17:00 шамасында 37 жастағы ер адам «Бүркіт» базарының аумағынан жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған. Шақалақ сөмкенің ішінде жатқан»,- делінген Қостанай облысының ПД таратқан хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100 бабы бойынша «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

Полицейлер аталған факті бойынша белгілі ақпарат беруді сұрап тұрғындарға жүгінді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.