Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері өседі

252

Фото: pixabay.com

Қазақстанда жұмысынан айырылғаны үшін төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері табыстың 45%-іне дейін артады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет отырысында президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатта "Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар" бағыты бойынша 37 іс-шара көзделген.


"Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін ұлғайтылады", - деді Қуантыров.



Сондай-ақ 61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізу көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады. Бұдан бөлек, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.