Белгілі журналист Қымбат Досжан жаңа қызметке тағайындалды

570
"Balapan" телеарнасының  жаңа директоры болып журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан тағайындалды деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі порталы Қазақстан Ұлттық арнасының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.  

 Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық еңбек еткен Қымбат Досжан"Balapan" телеарнасының  директор лауазымына тағайындалды.

Ол "Qazaqstan" телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта "Qazaqstan" телеарнасындағы "Қымбат жандар" авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.

"Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр", - дейді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.