«14,5 млн теңгеге 1 литр сүт»: Қызылордада ерекше тендер тоқтатылды
477
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің қызметкерлері Қызылорда облысында баға мониторингін жүргізді. Тексеріс барысында бірқатар былықтың беті ашылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, Шиелі аудандық білім бөлімінің басшылығы 14,5 миллион теңгеге бір литр сүт сатып алуды жоспарлаған. Тексеріс жүргізген агенттіктің жоспарлы бағаларды қайта қарау туралы ұсынымынан кейін сүттің құны 223 теңгеге дейін төмендетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова оқушыларға арналған «алтын» курткаларға қатысты бір деректің анықталғанын атап өтті.
2022 жылдың екі айының қорытындысы бойынша 17 мекемеге жіберілген ұсыныстардың нәтижесінде 351 230 304 теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделген.

«Қармақшы ауданының №275 орта мектебі балаларға 125 қысқы куртка сатып алмақшы болған. Әр куртканы 1 670 143 теңгеге бағалағаны белгілі болды. Сөйтіп, білім ошағы бұл мақсатқа 208 миллион теңге жұмсамақшы болған. Біздің ұсынысымызға сәйкес, тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілді. Ал жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңге болды. Осылайша, 206 680 197 теңге мемлекеттік қаражат қайтарылды», – деді Ғалия Әлімқұлова.