Алматы әуежайында жүргізуші капотқа мінген полицейді сүйреп әкеткен

2 312

Видеодан скриншотАлматыда жүргізуші полицейді көлікпен сүйреп кетті. Оқиға түнде Алматы халықаралық әуежайының аумағында патрульдеу кезінде болған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Полиция қызметкері жол ережесін бұзғаны үшін көлікті тоқтатты. Жүргізуші заңды талаптарды орындаудың орнына құжаттарды көрсетуден бас тартып, агрессия көрсетіп, қашуға әрекеттенді. Автокөліктің қозғалуына кедергі келтірмек болған инспектор көліктің капотына шығып кетіп, жүргізуші оны бірнеше метр алға сүйреп кеткен", – деп хабарлады полиция.

Қазақстан заңнамасына сәйкес жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен оған 30 АЕК (117 960 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы полицейлері қызметтік міндетін атқару кезінде офицердің заңды талаптарын орындамау жай ғана тәртіп бұзушылық емес, қауіпсіздік пен құқық тәртібіне тікелей қатер төндіретінін баса айтады.

"Біз азаматтарды тәртіп сақшыларына құрметпен қарауға және мұндай оқиғаларға жол бермеуге шақырамыз. Заң бәріне бірдей. Қоғам мен полицияның ынтымақтастығынсыз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мүмкін емес", – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.