Ұлытау облысындағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

180
Ұлытау облысындағы жарылыстан 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін Жаңаарқа кентіндегі үйлердің бірінің моншасында газ баллоны жарылды. Салдарынан 50 шаршы метр аумақта өрт болды», – делінген ақпаратта.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға болған үйде ас берген. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр. Сегіз адамды үйіне жіберген.
Қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған. Газ баллонын аяздан әкеліп, жылыту құрылғысының жанына қойған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.