Сыр өңірінде «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 503

Фото: Облыс әкімдігіБүгін 14 шілде күні Қызылорда облысында республикалық «Игі істер марафоны» аясында «Таза су айдындары акциясы» ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жалпы акцияның мақсаты – табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.


Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды.


Тазалық апталығы аясында облыстағы «Сырдария» өзенінің жағалауы мен «Қалғандария», «Елтай», «Шіркейлі», т.б. су арналарының жағалауларына қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.


Аталған акцияға мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. Акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.


Айта кететін жайт, облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні


1 наурыздан бастау алған болатын.Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары - 2024» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілді.

Аталған акция су айдындарын тасталған балық аулау құралдарынан тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарына азаматтардың жанашырлықпен қарауын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Өңірлердің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Жетісу облыстарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы ағымдағы жылдың 1 наурызында, ал Алматы, Жетісу, Қарағанды және Ұлытау облыстарында 15 сәуірде басталды.

Акция Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында 2024 жылдың 1 мамырында басталады.

Ағымдағы жылдың 30 сәуіріне жалпы республика бойынша су айдындарынан 17 км-ден астам иесіз ау құралдары алынды, қоқыс полигондарға 43 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Акцияға 910 адам қатысты, 45 жүзу құралы, 124 бірлік автокөлік мен жүк көлігі құралдары жұмылдырылды.

Табиғат қорғау акциясы жалғасуда.