Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2022 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

216
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2022 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кеңейтілген жиналысқа Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департоаментінің бастығы полковник Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы төрағалық етті.         
         2022 жылдың І жарты жылдығында  атқарылған жұмыстар есебі жөніндегі кеңейтілген жиналыс барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, азаматтық қорғаныс саласын дамыту, заңдылық пен тәртіпті сақтау жөніндегі сала басшыларының есептері тыңдалды.
    Атап айтқанда: Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполконигі Асхат Оразбеков  «Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 2022 жылғы І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар және алға қойған мақсаттар туралы» баяндады.
         Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Асхат Тоғызбаев «Азаматтық қорғаныс  саласы бойынша 2022 жылғы І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар және алға қойған мақсаттар туралы» баяндама оқыды.
Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Қанат Шарафадинов «Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, тәртіпті және заңдылықты нығайту бойынша атқарылған жұмыстар» туралы айтты.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов «ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» 2022 жылғы І жарты жылдығында атқарылған жұмыстары  туралы»  баяндама жасады.
Сонымен бірге жиналыс барысында департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшыларының есептері қорытындыланды.
Аталмыш кеңейтілген жиналыс соңында алдағы уақытқа нақты тапсырмалар берілді.

                                                                    Қызылорда облысы ТЖД

                                                                           Қоғаммен байланыс тобы