Соңғы деректер шықты: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта
347

2 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары орналасқан.
Түркістан облысы "жасыл" аймақта.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы ресми мәліметтерді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында жария еткен еді.
Өткен тәулікте республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 880 жағдайы тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 798 671 жетті.
Сонымен қатар, 10 644 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққаны белгілі болып отыр. Елімізде барлығы 691 480 адам COVID-19-дан сауығып шықты.