Өскемен қаласында бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін өртеп жібермек болды

278
Өскемен қаласында бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаланың сол жағалауында орналасқан теміржол тұйығында болған.
 
«Полицияға қоңырау шалған азамат көмір кезегінде тұрған жүргізушілердің бірі көлік жолын жауып тастап, өзін-өзі өртеп жіберетіндігін айтып қорқытқаны туралы жеткізді. Сол жерге жеткен тәртіп сақшылары қолына канистр ұстаған ер адамды көрген», - делінген хабарламада.

Анықталғандай, ер кісі – Ұлан ауданының тұрғыны болып шықты. Бірнеше күн көмір кезегінде тұрған.

«Полицейлер ер адамнан канистрді тартып алып, сабырға шақырды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен сатушы компания оған көмірді кезексіз беру жайлы ұсыныс жасады. Кезекте тұрған басқа азаматтар бұған қарсы болған.


Басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргені үшін Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК (1 АЕК – 2917 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.