Қостанайда шенеуніктің шопыры қызметтегі көлігімен адам қағып өлтірді
278
Қайғылы жағдай 15 қаңтар күні тіркелді. Қала әкімдігінің Toyota Camry көлігін мінген 24 жастағы жігіт ит жетектеген әйелді қағып кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Жүргізуші Маяковский көшесіндегі бағдаршамның сары түсі жанып тұрғанда қиылыстан қатты жылдамдықпен өтіп кетпек болған.Бұл туралы Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой айтты.
Ит сол жерде өлген, ал 1970 жылы туған әйел ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімшесінде көз жұмды.
Қызметтік көлік Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Клочкоға тиесілі екені айтылған. Бірақ әкімдік өкілі онымен басқа мамандар да жүретінін мәлімдеді.
"Бұл автомобиль "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" ММ меншігінде, оны аппарат басшысы да, мен де пайдаланамын. Төтенше жағдай режиміне байланысты тәулік бойы бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес, 15 қаңтарда автомобиль әкім аппаратының басшысы В.В. Клочконың қызметтегі жұмысын орындауға жіберілген еді. Қазір жүргізуші қызметтен уақытша шеттетілді", — деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.