Қазақстанда заңсыз сыйақы беретіндер мен алатындар жауапқа тартылады
Қазақстанның қылмыстық кодексі жаңа баппен толықтырылады. Енді сыйақыны заңсыз бергендер жауапқа тартылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжілісте кейбір заңнамалық актілеріне “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша” және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, өзгерістер мен толықтырулар "жедел-іздестіру қызметі туралы" заңға түзетулер енгізуді көздейді.
Қазақстанда енді телефонмен пара туралы талқылағандар жазаланбақ
Қазақстандықтар бұдан былай зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығын төлемейді
Антикор төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, бұл тек алушыларды ғана емес, заңсыз сыйақы берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.