Қызылордадағы лаундж-барлардың бірінде атыс болды

311
Қызылорда қаласындағы көңіл көтеру мекемелерінің біріне келген келушілер арасында келіспеушілік туындап, соңы атыспен аяқталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



ІІМ мәліметінше, Қызылордадағы лаундж-барлардың бірінде 10 қаңтар күні, сағат 01:30-да қаланың екі тұрғыны арасында жанжал болған.

Осылайша, кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, ол үйіне жіберілген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша,  кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстап, одан дәлелдер алынған.

Бүгінде аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - дейді жергілікті полиция өкілдері.