Қызылордалық әйел аспалы көпірден секіріп көз жұмды

752
Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада 102 арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден азаматшаның секіріп,  өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті. 

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті  сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.