Министр елде АИ-95 бензин бағасының қымбаттауы мүмкін екенін айтты

546

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АИ-95 бензин бағасының қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


“Ал АИ-92 бензиніне келетін болсақ, біз қажетті соманы сақтап қойдық. АИ-92 үшін қауіп жоқ. АИ-95 бойынша белгілі бір қауіптер пайда болды. Бағаның өсуі болуы мүмкін, бірақ ол реттелмейді. Себебі, жаз мезгілінде әсіресе курорттық аймақтарға саяхаттар көбейеді. Осыған байланысты біз АИ-95-тен тәуекелдерді көріп отырмыз. Жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз”, – деді Сәтқалиев сейсенбі күні өткен үкімет отырысында.


Оның айтуынша, министрлікте мұнай өндіруші ұйымдармен Ресей Федерациясынан АИ-95 қажетті көлемдегі импортын қамтамасыз ету туралы өтінішпен кеңес өткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.