Әскерилер, полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың тамағы ақбөкен етінен әзірленеді

1 506

Фото: livejournal.comПремьер-министр Олжас Бектенов Киік етін Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің азық-түлік қорын қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет ақбөкен санының көбеюінен ауыл шаруашылығына келетін залалды барынша азайтуға тырысып жатқанын мәлімдеген. Ел бойынша жедел штабтар жұмыс істеп, патрульдеу ұйымдастырылған. Іс-шараларға 400-ге жуық адам мен 230-дан астам техника бірлігі тартылған.

Өткен жылы ақбөкен етін өңдеумен 30 ет өңдеу кәсіпорны айналысқан. Сонымен қатар үкімет қазіргі кезде тұяқты жануарларды ату көлемі нарықтың етке шамадан тыс толып кету қаупіне байланысты шектеліп отырғанын атап өткен. Сондықтан билік өнімді күштік құрылымдардың қажеттіліктеріне және мемлекеттік резервке жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

“Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі бұл өнімді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінде және мемлекеттік материалдық резервте пайдалану мәселесін пысықтап жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі киікті сою тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, сондай-ақ киік етіне арналған ұлттық стандарттарды әзірледі”, – деді премьер-министр Олжас Бектенов.