Ер адам бес оқушыны қағып кетті

691
Ресейдің Иркутск облысында мас күйінде көлік тізгіндеген  ер адам  бес оқушыны қағып кетті - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

 Мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасы 26 қыркүйекте Усть-Кут қаласында орын алған. Toyota Succeed жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан балаларды қаққан.

Салдарынан 12 мен 14 жас аралығындағы мектеп оқушылары әртүрлі дене жарақтымен ауруханаға жеткізген.

Қазіргі уақытта бір оқушы ауруханада, қалғандары амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген.

"Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік жүргізушісі мас күйде болған", - дейді Ресей ішкі істер министрлігінің өңірлік басқармасы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.