Болашақ бағдарламасымен білім алғандарға елге қайтпауға рұқсат етілді

1 346

Фото: gov.kzБолашақ бағдарламасымен оқығандар енді белгілі бір шарттарын орындаса, елге қайтпауына болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңартылған ережеге сәйкес, іріктеуден өткендер ғана шәкіртақы ала алады. Бұрын жыл соңына дейін күту қажет болса, енді сол күнтізбелік жыл ішінде қайта өтініш беруге болады.

Осы уақытқа дейін стипендиаттар Қазақстанға оралып, елде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі керек еді. Бұл талап енді міндетті емес.

"Бағдарлама түлектерінің Қазақстан мүшелік ететін БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМТ сияқты халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесінен өтуге мүмкіндігі бар", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Болашақ" мүшелері енді шетелде тек халықаралық ұйымдарда ғана емес, тағы екі нұсқа бойынша еңбек тәжірибесінен өте алады:

Акцияларының немесе жарғылық капиталының 50%-дан астамы Қазақстан Республикасына тиесілі компанияларда.

Акцияларының немесе жарғылық капиталының 50%-дан астамы Қазақстанның ұлттық компанияларына тиесілі компанияларда.

Тағы бір жаңалық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Енді олар тіл курстарынан өту мүмкіндігімен шетелде магистратурада оқи алады. Министрлік атап өткендей, бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.