Қызылордада пробация есебіндегі 12 сотталған қайтарымсыз грант ұтып алды

1 518

Фото: Қызылорда ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті аудандық және қалалық пробация қызметтерінің есебінде 1000-ға жуық сотталған азамат есепте тұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осы азаматтар арасында жеке кәсіп ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған сотталғандар бар. Жуырда 12 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды. Олардың бірі мал шаруашылығымен айналысуға қаражат алса, енді бірі көлік жөндеу орталығына қажетті құралдарын алған.


Олар пробациялық бақылауға тіркелген күннен бастап, кәсіп ашуға ниетті екендіктерін білдірген. Пробация инспекторларының көмегімен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құжаттары жинақталып, жергілікті атқарушы органдарға жіберілген. Алдымен «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде, Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылған. Одан соң өздері бизнес жоспарларын дайындап, комиссия мүшелеріне ұсынған, нәтижесінде бизнес жоспарлары мақұлданып, олардың әрқайсысы 1млн 476 мың 800 теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.


Солардың бірі А.есімді азамат мемлекеттен алған қайтарымсыз қаражатқа ірі қара мал алған. Мал басын көбейтіп, сүт өнімдерін сатсам дейді. «Мал баққанға бітеді» деп атам қазақ айтпақшы, қандай бейнетті кәсіп болса да бар ынта жігеріңді осы кәсіпке арнасаң жақсы нәтижеге қол жеткізесің дейді. Талпыныс болса бәрін де жеңуге болады. Сондықтан алға қойған мақсатымнан бас тартпай жақсы кәсіпкер болып, халқыма пайдамды тигізіп, отбасымды асырып отсам одан артық бақыт барма. Жеке кәсіп ашсам деген жоспарыма қолдау білдіріп, құқықтық көмек көрсеткен қалалық пробация қызметіне алғысым шексіз,- дейді есептегі азамат.


Ал екінші азамат көлік жөндеу, бояу сервисін ашқан.Өзінің айтуынша кез-келген  көлікті жөндей береді. Көлікті жаңартып сырлап, машина дөңгелектерін желімдеп, дөңгелек қысымын өлшеу қызметтері де бар дейді.Әзірге өзім жасап жатырмын.Алдағы уақытта қасыма көмекші алсам деймін.Қазір көлік бұзылса жөндеу орындарына алып келеді.Күніне шамамен 10-15көлік тексеремін.Ең бастысы, халық көңілінен шықсақ болғаны ,-дейді есептегі азамат.


Пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғаламат Құлмановтың айтуынша есептегі тұлғалардың мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алуларына жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі дейді Жыл басынан 12адам қайтарымсыз грант ұтып алып, кәсіптерін дөңгелетіп жатыр.Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізуде дейді әділет майоры.