Арал ауданының әкімі инвесторлармен кездесті

226
Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов өңір инвестициясы мен экономикасын ілгерілету бағытында бірнеше инвесторларды қабылады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Олардың қатарында отандық және шетелдік бизнес өкілдері бар. «Асыл-тас» ЖШС-і «МАРШАЛ ЭНЭРДЖИ ХОЛДИНГС ГОНКОНГ КО., ЛИМИТЕД» мекемесімен біріге отырып, байытылған темір концентратын өндіруді көздеп отыр.

Айта кетейік, «Талдыеспе» кен орыны – 870 гектарды құрайды. Сексеуіл кентінен 50 км жерде орналасқан. «Асыл-тас 2017» ЖШС-не 2019 жылдың 24 желтоқсанында 6 жыл мерзімге №460-ЕL жер қойнауын барлауға рұқсат берілген.

Алдын-ала зерттеу бойынша кен құрамының 30 пайызы темір қоспасынан құралады. Аталған жоба жүзеге асса, Арал ауданында жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасын кеңейтуге мүмкіндік туады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.