66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберген

1 162

Фото: pixabay.comАлматыда  66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

 Жантүршігерлік жағдай екі күн бұрын Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде тұратын ерлі-зайыптылардың үйінде болған.

Ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ауыр халде болған азамат бүгін таңертең көз жұмды.

Алдын ала деректер бойынша, ішімдік ішіп, масаң күйде болған әйел күйеуіне керосин шашып, от жағып жіберген. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция сұмдық жайттың мән-жайын тергеуге кірісті. Ал қала прокуратурасы қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.  

«Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.