Өзбекстанға сатамыз, Уругвайдан аламыз: Қазақстанның еті қайда кетіп жатыр

232

2022 жылдың басынан бері Қазақстан сиыр, қой және ешкі етінің экспортын бірнеше есе арттырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қаңтар мен шілде аралығында ЕАЭО одағына кірмейтін елдерге 9,3 мың тонна ірі қара малдың еті экспортталған. LSM.kz сайтының жазуынша, сиыр етінің бір бөлігі, яғни, 9,27 мың тонна өнім 


Өзбекстанға кеткен. 32,5 тонна етті Біріккен Араб Әмірліктері сатып алған. Осылайша, сиыр етінің экспорты 3,5 есе өскен.

Сондай-ақ, Өзбекстанға 3 мың тоннадан астам қой және ешкі еті экспортталған (өсім 10,5 есе). Біріккен Араб Әмірліктеріне 921 тонна қой мен ешкі еті сатылған. Бұл санаттағы экспорт көлемі 5,7 есеге артқан.

Солай бола тұра, яғни, ет экспортын аттырған Қазақстанның өзі етті шет елден алып отыр. Украина, Параквай, Индия мен Бразилиядан 559 тонна сиыр еті елге кірген.

Жылқы етінің импорты да таң қалдырып отыр. Елге келген 1,4 мың тонна жылқы етінің 570-і Уругвайдан келген өнім болып шықты. Тағы 454 тонна ет Моңғолиядан, 383,5 тонна өнім Аргентинадан алынған. Айта кетерлігі, бұл көрсеткіштің ішінде жылқы еті ғана емес, есек, қашыр, тайындардың майы да бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.