Анасына қонаққа келген 17 жастағы студент қыздың өлі денесі сарайдан табылды

1 556

Фото: Opennews.kz ЖИСолтүстік Қазақстан облысының полициясы Тайынша ауданына қарасты Петровка ауылында педагогикалық колледждің 17 жастағы студентінің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Кәмелетке толмаған қыздың мәйіті 1 қараша күні кешке жеке тұрғын үйдің сарайынан табылған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Алайда медицина қызметкерлері жеткен кезде қыз тірі болмаған. Ол механикалық асфиксия салдарынан көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм ешқандай хат қалдырмаған.

«Суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін факторлар мен жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қыз 1 тамызда 17 жасқа толған. Ол Көкшетау қаласындағы педагогикалық колледжде білім алған. Петровка ауылына анасына қонаққа келген. Анасы сол ауылда кіші ұлымен бірге тұрады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.