Қарызға батқан ҚТЖ топ-менеджерлерге 1 млрд теңгеден сыйақы төлеген

1 552

Фото: Gimini көмегімен жасалдыТалғат Алдыбергенов ҚТЖ-ның қарызы 4 трлн теңгеге жеткеніне қарамастан, топ-менеджерлер мен директорлар кеңесіне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленуіне қатысты пікір білдірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Талғат Алдыбергенов айтуынша, сыйақы мөлшері компанияның қаржылық нәтижелеріне байланысты.

«Самұрық-Қазына қорының корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, компания мен атқарушы органның қызметін директорлар кеңесі бағалайды. Сыйақылар таза пайда болған жағдайда төленеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ таза пайданы 2,1 есеге арттырып, 340 миллиард теңгеге жеткізді», — деп түсіндірді ол.

Ол аталған сомаға тек басқарма мүшелеріне берілетін сыйақылар ғана емес, сондай-ақ директорлар кеңесінің сыйақылары, еңбек демалысына төленетін қаражат және басқа да төлемдер кіретінін нақтылады. Сондай-ақ, Талғат Алдыбергенов айтуынша, төлемдер туралы шешім бірнеше деңгейлі тексерістен өтеді.

«Шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Сонымен қатар, ол үш мәрте тексерістен өтеді: ішкі аудит қызметі, комплаенс қызметі және қор тарапынан», — деп қосты ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.