Оралда үйі өртенген алты отбасы 145 мың теңгеден алады

546

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Оралда өртенген пәтер иелері әкімдіктен көмек сұрады. Әкімдік алты отбасыға 145 мың теңгеден бір реттік көмек көрсететінін мәлімдеген - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Өрт 17 қазанда Өте Мусин көшесіндегі 6 пәтерлі барак типтес ағаш үйде болған. Өрт аумағы 250 шаршы метрді құрады.

Үй иелері сол түні көлікте қонғандарын айтады. Алдымен шатырдан тұтанған от кейін  ғимаратты түгел шарпыған. Үш пәтер түгел жанып кеткен, ал қалған үшеуі жартылай зардап шеккен. Алайда, жөндеуге келмейді.

"Бұл жеке тұрғын үй. Ондағы тұрғындардың бәрі қарапайым адамдар, осыған дейін ешбірінің үстінен шағым түспеген. Арасында көпбалалы отбасы жоқ. Олар өрттен аман қалған заттарын шығарып алуға көлік сұрады. Біз көмектесуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, комиссия бұл отбасыларға бір реттік жәрдемақы беру мәселесін қарады", - деді Орал қалалық әкімдігіне қарасты төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әділбек Қадыров.

Өрттен зардап шеккен әр отбасыға әкімдік тарапынан бір реттік көмек ретінде 50 АЕК, яғни 145 850 теңге төленеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.