Алматы облысының Кеген асуында қалың қар жауды (видео)

336

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысындағы Кеген асуында демалыс күндері қалың қар жауып, соның салдарынан көліктердің жүруі қиындаған деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_kz тобында жарияланды. Жазбаның мәтінінде оқиғаның Кеген асуында болғаны айтылған. Кадрдан бірнеше ер адамның тығылып қалған жеңіл көлікті итеріп, байқауға болады. Одан бөлек, видеода транспорттардың өте баяу жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Сонымен қатар, роликте Кеген асуында қалың қар түсіп, жел болып жатқаны бейнеленген. Айта кетейік, осыған дейін "Қазгидромет" РМК аймақта дауылды ескерту болатынын ескерткен. 
Синоптиктер 2-4 қазан аралығында Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын күтілетінін және тұман түсуі мүмкін екенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, аймақта желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін барады. 
Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындары ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.