12 жігіт жабылып 17 жасар баланы өлтіріп кетті

1 442

Фото: instagram/ nemolchikz_officialАтырауда 17 жастағы баланың өліміне күдікті 12 жігіттің төртеуі әскерге кетіп, біреуі тергеу изоляторынан бір жылдан соң босатылып шыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

НеМолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәліметінше, оқиға осыдан бір жыл 2024 жылдың 18 қаңтарында болған. Марқұм Эльдардың анасы ұлына шабуыл жасаған жігіттердің ешқайсысы оған таныс болмағанын айтты.

«Ұлым достарымен бірге мейрамханада жұмыс істейтін ортақ таныстарын алып кетуге келген кезде бір топ жігіт шабуыл жасаған. Тергеу бір жылдан бері жүріп жатыр. Өкінішке қарай, адвокат жалдауға ақшамыз жоқ. Кінәлілер ұлыма жасаған қастандығын басқа біреумен шатастырып алғанымен түсіндірді», – дейді Эльдардың анасы. 

Бейнебақылаудан алған видеода Эльдар отырған көлікке бір топ ер адам жүгіріп келіп, біреуін ұрып-соғып, төртеуін пышақтаған. Олар бірден суық қару қолданған және бәріне бір уақытта соққы жасады. Ал Эльдардың аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтып, қайтыс болған. Анасының айтуынша, 17 жасар жігітке жабылып кеткен 12 адамның тек біреуі ғана бір жыл тергеу изоляторында отырған. Ал оның төртеуі әскерге кетіп қалған екен. 

Оқиғаға қатысты Атырау облысының полиция департаменті пікірінше, тергеу барысында оқиғаға қатысты барлық адам анықталған. Оларға қатысты «адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» мен «бұзақылық» бапттары бойынша қылмыстық іс қозғалған. 12 күдіктінің төртеуіне бұлтартпау шарасымен қамауға алынса, 7 күдікті үйқамақта. Сонымен қатар, қазіргі таңда қылмыстық іске қатысты кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сот сараптамалары жасалып жатқанын жеткізді.