Алматы облысында 15 лауазымды тұлға кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін жазаланды

339
Алматы облысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Қазақпарт.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары — кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың мүшесі Қанат Қабдиев растады.

Оның сөзінше, осы жылдың басынан бері құрамында "Атамекен" мен прокуратура органдарының өкілдері бар бизнестің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа кәсіп иелерінен 65 өтініш келіп түскен.

Аталған фактілер бойынша заңдылықты бұзушылықты жою туралы 26 ұсыныс, алты наразылық енгізілді, сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының жүйесі іске асырылды.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары 4 қыркүйектен бастап "Прокуратура туралы" Заңға түзетулер күшіне енгенін еске салды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес қадағалушы органдарға кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар тарапынан араласу фактілері бойынша өтініштерін қарау құзыреті берілген.

 Ал бұрын мұндай өтініштер уәкілетті органдарға жіберілетін. Енді прокурорлар бизнес субъектілерінің шағымдарына жедел әрекет етіп, олар бойынша тексерулер жүргізе алады, қажетті ақпаратты өздері белгілеген мерзімде сұрата алады және түсініктеме алу үшін адамдарды шақыра алады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.