1 қаңтардан бастап банкроттыққа кімдер өтініш бере алады

1 374

Фото: pixabay.com2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл мүмкіндікті банк, микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі бар жеке тұлғалар қолдануға құқылы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Азаматтар соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру бойынша қызметке жүгіне алады. 

Мәселен, жыл басынан бері Алматыда банкрот деп тану үшін тұрғындардан 6500-ден астам өтініш түскен. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, талапқа сай келмеген 4200 азаматтың өтініші мақұлданбаған. 

Тек 737 жеке тұлға сот шешімімен "банкрот" деп танылды. Әлі де мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып жатыр. Мамандардың сөзінше, қарыз алушыға бірнеше талап қойылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Егер сол шарттарға сай келсе, жеке тұлға банкрот деп танылады. Өтінішті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн беруге болады.

"Азамат банкрот болса, оның салдары бар. Біріншіден, екінші деңгейлі банктерден немесе микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қатарынан несие ала алмайды. Екінші жағдай — бұл жерде 7 жыл, келесі банкроттық 7 жылдан кейін қолданылады. Одан кейін үшінші мәселе — банкрот болғаннан кейін 3 жыл қатарынан мүлік алып жатса, оған бақылау жүргізіледі. e-Gov платформасы арқылы немесе e-Gov mobile қосымшалары арқылы өтініш бере алады”, - деді Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Берік Каипов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.